Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

2 Қаңтар 2024, 07:35
575
Бөлісу:
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Архив BAQ.KZ

2 қаңтарда Қазақстан қалаларында ауа сапасы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

2 қаңтарда Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі деп болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы