Екі облыстағы республикалық трассаларда қозғалыс шектеледі

28 Қараша 2022, 18:15
785
Бөлісу:
Екі облыстағы республикалық трассаларда қозғалыс шектеледі

Бүгін сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының 30 градустан төмендеуі болжанады. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нақтылағандай, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының барлық республикалық автожолдарында дизельді және жолаушылар рейстік автобустарының қозғалысы уақытша шектеледі.

Республикалық трассалардың пайдаланушыларынан маршрутты алдын ала құруды, алыс жаққа жол жүрмеуге және ауа райының өзгеруін мұқият қадағалауды сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы