Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесі жабылды

4 Қаңтар 2024, 22:12
461
Бөлісу:
Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесі жабылды
Фото: baq.kz

Боран мен жолдың дұрыс көрінбеуінен екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 1 учаске:

  • «Щучинск-Зеренді» 0-77-шақырым, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77-шақырым.

Жетісу облысында – 1учаске :

  • «Үшарал-Достық» 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100-шақырым;

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар күре жолдарда 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Өзгелердің жаңалығы