2000-нан астам адам вакцинациядан соң коронавирусқа шалдыққан

8 Шілде 2021, 18:30
4894
Бөлісу:
2000-нан астам адам вакцинациядан соң коронавирусқа шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Бірінші компоненттен кейін 1308 жағдай, екінші компоненттен соң 904 жағдай тіркелген.
Вакциналарға жіктеп айтатын болсам, «Спутник V» бойынша 2 024 жағдай анықталды. І компонент – 1 190, ІІ компонент – 834. QazVac бойынша 40 жағдай тіркелді. Сәйкесінше, 21 және 19. Hayat-Vax бойынша 140 (89 және 51) және CoronaVac бойынша 6 адам бірінші дозадан кейін коронавирусқа шалдыққан. Вакцина алған 4 миллион адамның 0,05%-ы екпе алған соң ауырған, - деді комитет төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қаңтар айынан бері 28 267 бала індет жұқтырғанын жазған болатынбыз. 

Оның ішінде, 54 жаңа туған нәресте коронавируспен ауырған. Жаз басталғалы балалардың індетті жұқтыруы көбейгенін айтқан ведомство басшысы ұжымдық иммунитетті дұрыс қалыптастыра алмадық деп отыр.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова жыл басынан бері 30 мыңдай бала коронавирусқа шалдыққанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы