Екі көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылды

19 Қыркүйек 2023, 18:50
447
Бөлісу:
Екі көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылды
Фото: Елорда әкімдігі

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19-20 қыркүйек аралығында жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты Р.Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қозғалыс екі бағытта да оң жақта жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 19-25 қыркүйек аралығында С.Нұрмағамбетов көшесінің Р.Қошқарбаев даңғылынан А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы