Екі әйел астаналықтардың 157 млн теңгесін жымқырған

19 Желтоқсан 2020, 14:22
2301
Бөлісу:
Екі әйел астаналықтардың 157 млн теңгесін жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Полиция департаментіне 2020 жылдың сәуір айында 45 және 65 жастағы екі әйелдің үстінен ұжымдық арыз жазылған.

Олар мессенджерде топ құрып, қолданушыларды шақырады. Чатта алаяқтар биржалардан тез ақша табуға уәде береді. 70-ке жуық адам алданып қалған. Азаматтарға келтірілген жалпы залал 157 миллионнан астам теңгені құрайды. Қазіргі кезде айыпты екі әйел сотталды, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты полиция қазақстандықтарды қаржылық пирамидаларға жоламауды ескертеді.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар көбінесе шет елдердің азаматтары. Әр түрлі схемаларды ұйымдастыру және әзірлеп әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте белгілі «Forex», «Advacash», «Teletrade» және басқаларының логотиптері қолданылады. Бірақ тергеу көрсеткендей, бұл компанияларға ешқандай қатысы жоқ. Ал қазақстандықтардың  салымдары шет елдерге кетеді.

Өзгелердің жаңалығы