Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египеттің солтүстігінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар алтын тілді мумияны тапты, деп жазды lenta.ru Daily News Egypt басылымына сілтеме жасап.
Табылған жәдігер шашамен осыдан 2000 жыл бұрын көмілген болуы керек. Басылым мәліметіне сүйенсек, ол Тапосирис Магна храмының нашар сақталған 16 мумиясының арасынан табылды. Жәдігер мысырлықтар тарихының жоралғыларынан сыр шертеді. Ғалымдардың айтуынша, фольгадан жасалған алтын тіл мумияға жерасты Осирис құдайымен тіл табысу үшін тағылған.
Сонымен қатар қазба жұмыстары кезінде айналасы папируспен қоршалған табыттан алтын жалатынған кебінді тағы екі мумия шықты. Олардың бірінің маңдайында кобра мен мүйіз бейнеленген тәж болған.
Оқи отырыңыз: