Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

20 Қараша 2023, 12:46
558
Бөлісу:
Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Фото: iwf.sport

Қазақстандық Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Егемберді жеңіске жетті.

Ол 81 келі салмақ дәрежесінде серпуде - 145, жұлқуда -191 келі көтерді. Жалпы нәтиже 336 келі.

Күміс медаль түркімениялық Гайгысыз Тораевқа, ал қола жүлде грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды.

Әлем чемпионатында Едіге Егембердіден өзге тағы бір қазақстандық Петр Хребтов (67 келі) та қатысты. Отандасымыз 10-орынды місе тұтты.

Өзгелердің жаңалығы