Еден жуушыға дейін пара беріп кіреді. Шөкеев өңірдегі жемқорлық туралы айтты

15 Маусым 2022, 15:39
2018
Бөлісу:
Еден жуушыға дейін пара беріп кіреді. Шөкеев өңірдегі жемқорлық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Екі-үш жыл бұрын өңірдегі білім саласында жұмысқа еден жуушыға дейін парамен кіреді деген әңгіме болған. Бұл мәселені кеңесте талқылап, цифрландыру арқылы жұмысқа тұруды енгіздік. Портал құрып, жұмысқа сол портал арқылы ғана жұмысқа алатындай қылдық. Ол портал арқылы 12 мың өтініш түсті. Оның ішінде 5 мыңы жұмысқа орналасты. Оның ішінде мұғалім, техникалық қызметкер де бар, - деді Шөкеев. 

Ол атағандай, Антикор мен полиция да бұл істерге ерекше назар аударып отыр.

Жыл сайын бұл үрдісті бақылап отырмыз. Қазір үлкен ілгерілеушік бар. Барлық мектепте жемқорлық белең алды деп айтуға болмайды, - деді ол. 

Ол атағандай, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды.

 «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Өңір осы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бірінші орында. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 200 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,52%-ға артты. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тамақ өндірісіне 5,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл егіс көлемі 850 мың гектарға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 5500 гектарға ұлғайды», – деді Ө.Шөкеев. 

Өзгелердің жаңалығы