Дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі неге төмендеп кетті – министрлік жауап берді

13 Желтоқсан 2023, 13:54
803
Бөлісу:
Дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі неге төмендеп кетті – министрлік жауап берді
Фото: championat.com

Жақында ғана Жапония елінде дзюдодан Grand Slam жарысы өткен болатын. Бірақ спортшыларымыз ешқандай нәтиже көрсетпеді. Фарнциядан маман алып келдіңіздер. Бірақ бұрынғыдай жақсы нәтижені көрмедік. Маманмен жұмысты жалғастыра бересіздер ме? Нақты қандай жұмыс атқарып жатсыздар? Париж Олимпидасында нәтиже қалай болмақ? деп журналистер сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі уақытта дзюдодан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітетіндей емес. Соңғы өткен Гранд Слэм жарысында спортшыларымыз жүлдесіз қайтты.

Бүгінгі күні федерация тарапынанан берген ұсыныстары бойынша министрлік толық қолдау берген болатын. Франциядан келген 3 маман дайындық әдістемелерін алып келіп, жұмыстарын атқарып жатыр. Жұмыс атқарғандарына 2 жылдай уақыт өтті. Олимпиада ойындарына 227 күн қалды. Токиода өткен Grand Slam жарысының нәтижесі өте төмен деуге болады. Бірақ оған қарамастан біздің бірнеше салмақ дәрежесінде үміттеріміз бар. Рейтинг жүйесінде қай спортшымыз алда болады, сол Олимпиадаға барады. Бірақ қосымша осы жарыстардан кейін аналитика жасап, іштегі бар жаттықтырушылармен ғылыми топ құрып, осы проблемаларды анықтаймыз. Келесі Гран-при және Гран-слэмға дайындалып, Олимпиада ойындарына бар спортшылармен дұрыс жақсы формамен келуіміз керек,- дейді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Өзгелердің жаңалығы