Коронавирус: дзюдодан Мароккодағы Гран-при өтпейтін болды

4 Наурыз 2020, 14:18
1248
Бөлісу:
Коронавирус: дзюдодан Мароккодағы Гран-при өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндері өтуі тиіс еді. Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты. Аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы