Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жаттығуын аяқтады

2 Маусым 2021, 16:32
3314
Бөлісу:
Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жаттығуын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасы әлем чемпионаты алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Отандық татами шеберлері Алматы облысында дайындықтарын пысықтады. Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев шәкірттері енді дүниежүзілік біріншілікке қатсу үшін Бадупештке (Венгрия) аттанады.  

Айта кетерлігі, Будапешт татамиінде ел намысын ерлер құрамасынан тоғыз спортшы қорғайды:  60 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин; 66 келі: Елдос Жұмақанов; 73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсар Ғайнуллин 81 келі: Дидар Хамза 90 келі: Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзапаров; +100 келі: Ерасыл Қажыбаев. Әлем чемпионаты 6-13 маусым аралығында өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы