Джокович таразы басын теңестірді

24 Қазан 2019, 20:44
1570
Бөлісу:
Джокович таразы басын теңестірді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матчтың екінші кезеңі аяқталды.

Алғашқы сетте испаниялық теннисші 6:3 есебімен басым түскен. Екінші сет сербиялықтың пайдасына шешілді. Осы жолы ұтылса, ойынның тез аяқталатынын түсінген Джокович бар күшін салды. Сөйтіп, екінші кезеңді 6:3 есебімен аяқтап, таразы басын теңестірді.

Енді, жеңімпаз үшінші сетте анықталады.

Айта кетейік, Бұл екеуінің спорттық карьераларындағы осымен өзара 55-кездесулері. Әлемнің бірінші ракеткасы саналатын сербиялық теннисші 54 ойынның 28-інде жеңіске жетсе, 26 матч қарсыласының пайдасына шешілген. Екеуі финалда 26 рет жолыққан. Надальда 19 "Үлкен дулыға" болса, Джокович 16 рет топ жарған. 

Еске сала кетейік, ойынды арнайы тамашалауға Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді.
Өзгелердің жаңалығы