Джокович пен Надаль арасындағы ойынды көруге Елбасы келді

24 Қазан 2019, 19:06
1672
Бөлісу:
Джокович пен Надаль арасындағы ойынды көруге Елбасы келді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешеніде теннистен әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матчты тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді.

Матчты тамашалауға ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келді. Надаль мен Джокович ойынын 12 мың адам тамашалайды. Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді. 

надаль.jpg

Бүгін олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Новак Джокович Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтетінін айтты. Сонымен қатар, теннисшілер бүгін елордада жаңа теннис орталығының ашылуына қатысты.

надаль1.jpg

Айта кетейік, екеуі осыған дейін 54 рет кездескен. Бүгін 55-рет жолығады. Надаль "Үлкен дулыға" санатындағы турнирде 19 рет, Джокович 16 рет жеңіске жеткен

надаль2.jpg
Өзгелердің жаңалығы