Джеймс Клеверли: Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз мемлекет

18 Наурыз 2023, 12:26
1283
Бөлісу:
Джеймс Клеверли: Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз мемлекет
Фото: mavink.com

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз және егемен ел ретінде құрметтейтінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Бұл туралы Джеймс Клеверли Қазақстандағы алғашқы ресми сапары барысында Сыртқы Істер министрлігінде өткен брифинг барысында айтты.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселесінде өзінің көшбасшылығын көрсетіп отыр. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Мен сіздің Президентіңіздің түрлі салалардағы реформаларға деген ұмтылысын жоғары бағалаймын,- деді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли.

Өзгелердің жаңалығы