Дубайда 2024 жылы әлемдегі ең биік қонақ үй ашылады

26 Наурыз 2023, 19:04
998
Бөлісу:
Дубайда 2024 жылы әлемдегі ең биік қонақ үй ашылады
Фото: tourweek.ru

The First Group (БАӘ) құрылыс компаниясының мәліметінше, Дубайда 2024 жылдың бірінші тоқсанында әлемдегі ең биік қонақүй ашылады. Бұл туралы alarabiya жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

82 қабатты, биіктігі 365 метрлік Ciel қонақ үйі келесі жылдың басында дайын болады. NORR сәулет фирмасымен бірлесіп жобаланған Ciel 1042 бөлмеден тұрады, оның ішінде 150 люкс бар.

Қонақүйдің 81-қабатында Дубай көкжиегі, Палм-Джумейра және Араб шығанағының панорамалық көрінісі бар шолу алаңы, ал 76-қабатында абаттандырылған бассейн мен бар болады.

Біз Дубайдағы Ciel қонақ үйін ашуға қуаныштымыз, бұл жоба жоғары деңгейдегі қонақжайлылықты анықтайтын жоба. Пандемияға байланысты проблемаларға қарамастан, біз үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз және қонақүйдің 2024 жылы ресми ашылуына нық қадам басып келеміз. Ciel қонақтарға бірегей дизайны, сәнді, ыңғайлы және таңғажайып көріністер ұсынады. Ciel - бұл жай ғана ғимарат емес, ол Дубайдың амбициясының, инновациясының, креативтілігінің және шеберлігінің символы, - деді The First Group бас директоры Роб Бирнс.

Қазіргі уақытта Дубайдағы қонақүй – Gevora Hotel – 355 метр биіктіктегі әлемдегі ең биік қонақ үй.

Дүние жүзіндегі ең биік ғимарат – Бурдж Халифа да Дубайда орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы