ДСМ: Қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамы – 5 жасқа дейінгі балалар

10 Қараша 2023, 16:35
738
Бөлісу:
ДСМ: Қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамы – 5 жасқа дейінгі балалар
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы сараптамалық дөңгелек үстел барысында баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлім еткендей, аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы – вакцинация. Сондықтан денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және вакцинациялау шаралары жалғасып жатыр.

Бүгінде қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация және ошақтарда 30 жасқа дейін егілмеген байланыста болған адамдарды вакцинациялау жалғасуда. 18 жасқа дейінгі балаларды толыққанды вакцинациялау, екпелермен қамтудың кемінде 90% шекті деңгейін ескере отырып, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қабылдауға мониторинг жүргізіліп жатыр, – деп мәлім етті Зәуре Ахметова.

Оның айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамын 5 жасқа дейінгі балалар.

Сондықтан қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қосымша жаппай вакцинациялау енгізілді, – деді комитет өкілі.

Бұған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева қазақстандықтар өзіне және балаларына екпе салдырудан неге қорқатынын түсіндіріп берді.

Өзгелердің жаңалығы