Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті.
Оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде, деп хабарлайды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары.
Өңірлер бөлінісінде: Алматы қаласында - 19 адам, Жамбыл облысында - 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.