ДСМ COVID-19-ға қарсы вакцинаның дұрыс сақталуын ерекше бақылауға алды

31 Шілде 2021, 11:05
7587
Бөлісу:
ДСМ COVID-19-ға қарсы вакцинаның дұрыс сақталуын ерекше бақылауға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 19 шілдеде өткен елдегі эпидахуал жөніндегі кеңес кезінде кейбір өңірде коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмағанын айтқан болатын.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Кейбір өңірде бұл жұмысты дұрыс ретке келтіре қоймаған. Шамамен егу пункттерінің 30%-ында вакцина сақтаудың температуралық режимін бұзудың көптеген фактісі анықталды, - деді Тоқаев.
Аталған ақпаратты ҚР ДСМ өкілдері 23 шілдеде өткен брифинг барысында растады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет егу пункттері ашылғаннан бастап, вакцинация процесінің басталуына дейін тексеріс жүргізді. Сондай-ақ вакцинация кезінде де мониторингтік топтар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап келеді. 

Әр үшінші егу пунктінде жұмысқа рұқсат берілер кезде санитарлық талаптардың бұзылу фактілері анықталды. Ескертулер жойылғанша аталған пунктілер эксплуатацияға жіберілмеді. Вакцинаны сақтау мен тасымалдау барысында «суық тізбек» талабын сақтау халыққа профилактикалық екпе салудағы маңызды шарттарының бірі саналады. Барлық ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар вакцина сақтаудың оңтайлы температурасын ұстап тұруға бағыттылауы қажет, - деді ДСМ баспасөз қызметі. 
Анықталғандай, еліміздің егу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үнемі «суық тізбек» талаптарының сақталуын, вакцина салуды ұйымдастыруды, соның ішінде температуралық режимнің сақталуын мониторингілейді.
Вакцинаны сақтаудың температуралық режимінің қадағалануы - вакцинация тиімділігінің кепілі. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын ерекше бақылауда ұстайды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ел бойынша 2300-ге жуық егу пункттері халыққа екпе салу жұмыстарын жүргізуде.
Өзгелердің жаңалығы