ДСМ: Қазақстан үш аптадан бері «қызыл аймақта»

14 Шілде 2021, 17:55
3752
Бөлісу:
ДСМ: Қазақстан үш аптадан бері «қызыл аймақта»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Инфекциялық ауруларды Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова хабарлады. 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, еліміз 26 маусымнан бері «қызыл аймақта» тұр.

Сондай-ақ ведомство басшысы 14 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 466 792 науқас тіркелген. Ал симптомсыз 58 086 жағдайы анықталған.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан 90% науқас жазылып шықты. Олардың ішінде 418 228 науқас КВИ симптомды және 53 095 науқас симптомсыз болып отыр, - деді Роза Қожапова.

«Қызыл аймаққа» еліміздің 13 өңірі: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр. «Сары аймақта» Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстары тұр. Ал екі өңір – Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл аймақта».

Әлемде коронавирустың «дельта» штамының таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-бен ауырғандар арасында оң зертханалық үлгілерге ПТР сынамасын жүргізді. 1 шілдеде үнділік штамды анықтау үшін 414 сынамаға ПТР скрининг жасалды. Нәтижесінде үнділік штамм еліміздің барлық облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында анықталды, - деді Роза Қожапова.

Өзгелердің жаңалығы