ДСМ: Ауыр дертке шалдыққан балаларға дәрі алу үшін бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді

18 Мамыр 2022, 12:00
1272
Бөлісу:
ДСМ: Ауыр дертке шалдыққан балаларға дәрі алу үшін бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Президент 2022 жылды «Бала жылы» деп жариялағанын білесіздер. Балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде министрлік ерекше назар аударатын болады. Балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтіледі. Ол жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, қысқа латенттелген есту потенциалдарын тіркеу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тест «М-CHAT-R» тапсыруды қамтиды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол қазынадан ауыр дертке шалдыққан балалар үшін қанша қаржы бөлінетініне тоқталды. 

Республикалық бюджет есебінен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген және оған 9 сирек аурулары бар балаларды емдеу үшін 24 дәрілік заттар сатып алынады. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсиясының көз кездеспейтін түрлері бар, - деді Ажар Ғиният. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр  елімізге қандай биологиялық қауіп төніп тұрғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы