Досбол Бекмағамбетов қызметінен кетті

26 Ақпан 2024, 19:50
565
Бөлісу:
Досбол Бекмағамбетов қызметінен кетті
Фото: Үкімет

Досбол Бекмағамбетов ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастады.

2007-2008 жылдары Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектордың бас маманы қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданының экология инспекторының бас маман-уәкілі болды.

2012-2016 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы; болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары; басшысы қызметін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болды.

2023 жылдың ақпанында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы