Досаев қызметке келгелі бері сұхбат бермегенін айтты

21 Желтоқсан 2023, 12:58
680
Бөлісу:
Досаев қызметке келгелі бері сұхбат бермегенін айтты
Фото: ОКҚ

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев неге журналистерге сұхбат бермей жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шынымды айтсам, әкім болып жұмыс істегелі бері ешкімге сұхбат берген жоқпын. Себебі қазіргі жұмыс - халықпен, жуналистермен тілдесуім мені әрдайым назарда болуыма мүмкіндік береді. Онымен қоса, менің жоспарым бар. Келесі жылдан бастап Almaty TV 25 жылдығын тойлайды. Сол кезде тек қорытынды жасау үшін емес, жалпы сұхбат беремін. Кейін көре жатармыз, - деді Досаев орталық коммуникациялар қызметінде.

Ол сұхбат алғысы келетіндердің қарасы көп екенін айтады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінде сұхбат алғысы келетіндердің тізімі бар. Олардың қарасы көп. Ешкімге ренжітпей сөйлесе (автор - сұхбаттаса) аламыз деп ойлаймын, - деді Досаев.

Өзгелердің жаңалығы