Досаев Алматыдағы бос жүрген мектеп автобустарына қатысты жауап берді

7 Қыркүйек 2023, 15:26
794
Бөлісу:
Досаев Алматыдағы бос жүрген мектеп автобустарына қатысты жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Жетісу ауданының тұрғыны қала әкіміне мектеп автобустары жартылай бос жүретініне шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны әкімге «Кемел» шағынауданында орналасқан №193 мектеп оқушылары ата-аналарының атынан жүгінді. Оның айтуынша, бұл мектепке автобус бөлінген, дегенмен балалар бұл қызметті пайдалана алмай жүр. 

Сералин көшесінің бағыты бойынша мектеп автобустары жүреді, бірақ біздің балалар бұл қызметті пайдалана алмайды. Біз олардың да осы автобустарға мінгенін қалаймыз. Алдағы уақытта жаңбыр маусымы басталады, балалардың аяғы балшық болатын болды. Қысқы кезеңде балаларға мектепке бару және қайту қиын, – деді алматы тұрғыны. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар сауалына жауап берді. Әкім балалардың барлығы бірдей мектеп автобустарымен жүре алмау себебін анықтауға уәде берді.

Біз балалардың аялдамаларда тұрып қалмауы үшін әр бағытты қамтыдық. Бірақ егер біз бағытты ұзартатын болсақ, онда маршрутты өзгерту қажет. Келесі жылдан бастап, автобустардың саны артады. Биыл 100 автобус алдық, келесі жылы тағы да автобустар көбеймек, – дейді шаһар басшысы Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы