Досаев Алатау ауданына жаңа аурухана қашан салынатынын айтты

28 Сәуір 2022, 16:01
1668
Бөлісу:
Досаев Алатау ауданына жаңа аурухана қашан салынатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында халыққа тиісті деңгейде қызмет көрсететін ауруханалар  мен клиникалар қашан қолжетімді болатынын айтты.

Алатау ауданы тұрғындарына 8 медициналық ұйым қызмет көрсетеді екен, оның 5-і мемлекеттік, 3-уі жеке меншік. Оларға 250 мыңға жуық халық тіркелгендіктен жүктеме де жоғары.

Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және медициналық көмектің халыққа жақын орналасуын қамтамасыз ету үшін ауданда 5 амбулатория жұмыс істейді. Қымбат клиникалық-диагностикалық қызметтерді кеңейту үшін 2021 жылдың соңында Алатау ауданында №25 қалалық емхана жанынан модульдік КТ-орталық ашылды. Биыл Қарасу шағын ауданында амбулатория салуды жоспарлап отырмыз,-деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол 2023 жылға Алғабас шағын ауданының тұрғындарына және Теректі тұрғындарының бір бөлігіне, яғни 19 000 тұрғынға қызмет көрсететін Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын бастау жоспарланғанын жеткізді.

Досаев Алатау ауданына жаңа аурухана қашан салынатынын айтты

Қазіргі уақытта Алатау ауданында 4 мемлекеттік аурухана жұмыс істейді екен, олар №7 қалалық клиникалық аурухана, №5 перзентхана, Перинаталдық орталық, сондай-ақ №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы. Қала әкімі аудандағы аурухана тапшылығын жою үшін алдағы уақытта жаңасын салу жоспарған енгізілгенін айтты.

Алатау және Наурызбай аудандарында күтілетін халық санының өсіміне байланысты, осы жылдың соңына дейін біз құрылыс салынатын жерді анықтаймыз және жерді сатып алу мәселесін қарастырамыз. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейміз, ал 2024-2025 жылдары Алатау ауданында жаңа клиникалық аурухананың құрылысын бастаймыз. Бұл ауруханада   перзентхана,  диагностикалық және оңалту орталықтары болады,-деді Досаев.
 

Өзгелердің жаңалығы