Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

26 Қаңтар 2023, 20:10
2004
Бөлісу:
Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар
PHOTO

Бүгін аймақта «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – аймақты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігі мен гендерлік теңдікті дамыту Коалициясы ерекше басқосу ұйымдастырды, деп хабарлайды Түркістан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Өйткені, жиын киелі өңірдегі бизнес саласының әлеуетін көтеруге бағытталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жиынның маңыздылығын атап өтті. 

Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар
Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» екенін айтқан болатын. Кәсіпкерлікпен әйелдердің де айналысуын және еңбек құқығының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен құқықтарын қорғау мақсатындағы жобалар қолдау табуда. Сол себепті әйел кәсіпкерлер көбейіп келеді. Аталған жиында маңызды ұсыныстар мен жаңа жобалардың жүзеге асатынына сенемін. Қыз-келіншектер қоғамның түрлі саласында белсенді әрі азаматшалардың кәсібіне қолдау көрсеткен жөн, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары. 

Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар
Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаева нәзік жандылардың кәсіпкерліктегі үлесі мол екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова басқосуда өзекті мәселелерді қозғады. Басқа да қатысушылар әйелдерді кәсіпкерлікке баулып, қолдау көрсету жайында баяндамалар жасады. 

Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар
Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

Өз кезегінде жергілікті органдардың өкілдері оңтүстік аймақтағы әйелдердің шағын және орта кәсіпкерліктегі дамуы мен болашағы жөнінде мәліметтермен бөлісті. Ал Еуропалық қайта құру және даму банкі «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы туралы айтып өтті. 

Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

Түркістан өңірі көпбалалы аналар саны бойынша бірінші орында келеді. Аймақта жалпы 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген. Оның 45 мыңға жуығын әйел кәсіпкерлер басқарып отыр. 

Дөңгелек үстел: Түркістанда 45 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

«TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өткен жылдың қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалғанын айтты. Осы бизнес-жоспардың 466-сын әйелдер құрайды. Сонымен бірге 2022 жылы 1007 жобаға қаржы қаралыпты, мұнда да 266 бизнес идея әйел кәсіпкерлерге тиесілі екендігі белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы