Дональд Трампқа қарсы төртінші іс қозғалды

16 Тамыз 2023, 20:15
702
Бөлісу:
Дональд Трампқа қарсы төртінші іс қозғалды

Дональд Трампқа жаңа айып тағылды, деп хабаралайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы экс-президент Джорджиядағы 2020 жылы өткен президенттік сайлаудың нәтижесін заңсыз өзгерту әрекеті үшін айыпталды. Бұл істе тағы 18 адамның аты аталды. Олардың арасында Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы және Нью-Йорктің бұрынғы мэрі бар. 

Айыптаушылардың пікірінше президент пен оның сыбайластары «жеңілісті мойындаудан бас тартып, қасақана сөз байласқан». 

Трамп 13 бап бойынша айыпталуда. Егер ол кінәлі деп танылып, түрмеге жабылса да, бұл АҚШ президенттігіне үміткер болу құқығынан айырмайды.

Өзгелердің жаңалығы