Дональд Трамп Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалады

17 Желтоқсан 2023, 12:02
923
Бөлісу:
Дональд Трамп Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалады
Фото: әлеуметтік желіден

Лас-Вегаста қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жекке АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде Трамптың сол жерде жүргені түсірілген видеосы тарап жатыр.

Экс-президенттің нақты кімді қолдауға келгені әзірше белгісіз.

Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесіп, екінші раундының соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы