Доллардың бағамы «алтын стандартына» байланатыны рас па?

18 Қаңтар 2021, 13:01
1622
Бөлісу:
Доллардың бағамы «алтын стандартына» байланатыны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар желіде бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамының күрт өзгеретіні туралы ескертіп хабарламалар жіберуде. Онда валюта «алтын стандартқа» байланады делінген.

Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның негізі жоқ екенін жазды. 

Дональд Трамп әр басылып шыққан долларды асыл металдың белгілі бір мөлшерімен күшейту туралы бірнеше рет айтқан. Оның ұсынысын Федералды резерв кеңесіне сайлауға түскен Джуди Шелтон да қолдаған. Алайда, АҚШ ұлттық валютасын бағалау жүйесін өзгерту және оны алтынға байлау идеясы танымал болмай, сенат мүшелері Шелтонның кандидатурасына қарсы дауыс берді. 

Көптеген экономистердің пікірінше, «алтын стандартқа» байланыстыру жақсы нәтиже бермейді, делінген онда.

Керісінше, бұл шара айналымдағы ақша мөлшерін едәуір азайтады. Сондай-ақ, алтынның құбылмалы бағасы АҚШ валютасына теріс әсерін тигізеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың валюталық жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Федералды резервтік жүйе сайтында да мұндай хабарламалар жарияланбаған.

Демек, үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында доллардың «алтын стандартқа» байланатыны туралы хабарламалар расталмайды, -  деп жазды stopfake.kz

Өзгелердің жаңалығы