Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Долларды айырбастаудан бас тартса не істеу керек?

10 Маусым 2025, 15:24
1257
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) халықтан жиі түсіп жатқан сұрақтар бойынша шетел валютасын айырбастау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қандай шетел ақшалары жарамды деп саналады?

Айырбастау ережелеріне сай жарамды деп саналатын банкноталар (қағаз ақша):

  • Өз елі (эмитент-ел) ішінде заңды төлем құралы болып саналуы керек;
  • Сол елдің ресми сипаттамасына (мысалы, дизайны, белгілері) толық сәйкес келуі қажет.

Қандай банкноталар жарамсыз деп танылады?

  • Егер басқа елдің орталық банкі бұл ақшаны айналыстан шығарып тастаса – ол төлемге қабілетсіз саналады.
  • Ал жыртылған, боялған, жазуы өшкен, бүлінген банкноталар – жарамсыз деп есептеледі.

Мұндай ақшаларды тек арнайы рұқсаты бар банктер ғана қабылдай алады. Олар мұндай ақшаны шетел банктеріне жіберіп, инкассалық жолмен ауыстырады.

Маңызды: Ондай кезде сізден комиссия ұсталуы мүмкін, бірақ ол ақша номиналының 10%-нан аспауы керек. Бұл туралы сізбен арнайы жазбаша келісім жасалады. Және шетел банкі бұл ақшаны ауыстырудан бас тартуы мүмкін екені ескертіледі.

Жарамды ақшаны айырбастаудан бас тартса не істеу керек?

Егер ақшаңыз жарамды болса (номиналы қандай болса да, қай жылы шыққанына қарамай), айырбастау пункті оны қабылдауы тиіс.

Бірақ кей жағдайларда айырбастаудан бас тартуға рұқсат етіледі:

  1. Егер заңда көзделген қаржылық қауіптердің алдын алу шаралары қолданылып жатса (мысалы, күмәнді транзакциялар болса);
  2. Егер клиент жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлік) немесе цифрлық құжатты көрсетпесе.

Айырбастау пункті негізсіз бас тартса не істеу керек?

Ондай жағдайда сіз:

  • Ұлттық банктің сол өңірдегі филиалына шағым түсіре аласыз.
  • Шағымда бас тарту себебін, айырбастау орнының атауын/мекенжайын көрсетіңіз.
  • Қолда бар барлық құжаттарды (түбіртек, фото, видео) қоса бергеніңіз дұрыс.
Өзгелердің жаңалығы