Доллар, депозит және несие: Сарапшы Ұлттық банк шешіміне болжам жасады

Шешім қазақстандықтардың депозиттері мен несиелеріне әсер етуі мүмкін.

Бүгiн 2026, 11:43
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:43
Бүгiн 2026, 11:43
269
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

5 маусымда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесовтің айтуынша, бұл шешім әрбір қазақстандық үшін маңызды, себебі ол несие құнына, депозиттердің табыстылығына және доллар бағамына әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының сөзінше, егер базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалса, қаржы нарығындағы қазіргі жағдай сақталуы мүмкін. Ал мөлшерлеме төмендеген жағдайда депозиттердің кірістілігі азайып, теңгемен шығарылған облигацияларға инвестиция салғандар қосымша табысқа қол жеткізуі ықтимал.

Менің ойымша, дәл қазір мөлшерлемені төмендетуге қолайлы кезең емес. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыс та себеп болып отыр. Дегенмен Ұлттық банк бәрібір мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. Бірақ бұл қадамды өте сақ жасап, кейбір сарапшылар болжап отырғандай 1 пайыздық тармаққа емес, 50 базистік пунктке ғана қысқартуы ықтимал, – дейді Сұлтан Елемесов.

Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – елдегі ақша-несие саясатының негізгі құралы. Оның деңгейі несиелердің қолжетімділігіне, депозиттердің кірістілігіне және ұлттық валютаның тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Бұған дейін 1 шілдеден бастап баспана нарығында болатын өзгеріс туралы жаздық

Наверх