DMZ. Арандап қалған бауырлар дорамасы

DMZ. Арандап қалған бауырлар дорамасы

 

 

Сеул, BAQ.KZ тілшісі. Бір халық үй ішінен үй тігіп, екі бөлек мемлекет болып отыр. Олар шекарасын Демилитаризация зонасымен (Demilitarized Zone – DMZ ) межелеп алған.

Сеул, BAQ.KZ тілшісі. Бір халық үй ішінен үй тігіп, екі бөлек мемлекет болып отыр.. Олар шекарасын Демилитаризация зонасымен (Demilitarized Zone – DMZ ) межелеп алған.

 

 

 

 

Demilitarized Zone – Корей түбегін екіге бөлетін зона. Солтүстік полюстен 38-параллельді қиып өтеді. Ені – 4 км. 
 

Demilitarized Zone – Корей түбегін екіге бөлетін зона. Солтүстік полюстен 38-параллельді қиып өтеді. Ені – 4 км.


 

BAQ.KZ ақпарат агенттігі тілшісіне Оңтүстік Кореяның Корей мәдени және ақпарат қызметі (Korean culture and information service – KOCIS) «Корей түбегіндегі ымырағы келу процесі» тақырыбына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырды.

 

Қасымызда екі координатор, бір аудармашы және фотограф болды. Олар бізбен 6 күн бойы арнайы спикер дайындап, тақырып аясындағы нысандарды аралатты. 
 

Қасымызда екі координатор, бір аудармашы және фотограф болды. Олар бізбен 6 күн бойы арнайы спикер дайындап, тақырып аясындағы нысандарды аралатты.


 

 

Бірінші күні Demilitarized Zone апарды. Зонаға кірген жерде карта көрсетілген. Картаны гид былай түсіндірді.

 

- Демаркация сызығының зонасындағы солтүстік-шығыс бөлігінде тұрмыз. Қазір Ханга өзені бойымен көтеріліп, Пажу (Paju) қаласындағы туристерге арналған Имджингак (Imjingak) павильонындамыз. Имджин – өзен, гак – павильон. Бұл өзеннің бассейні солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Демилитаризация зонасын картада көк түспен көрсеткен, ал оның ортасында қызыл түспен боялған сызық (демаркация сызығы – автор) оны екіге бөліп тұр. 
 

Картада көріп тұрған қызыл демаркация сызығының бойынан қарапайым тұрғындар жүре алмайды. Дәл осы қызыл сызық екі Кореяны бөліп тұр. Біз Имджингактан бөлек, үшінші тунельге, дүрбімен DMZ аумағы көрінетін алаңға және Дорасан станциясына барамыз. Бұл жерлерге кіру үшін міндетті түрде төлқұжат алып жүру керек. Қазір өзеннің бойында тұрғандықтан, қалған үш жерге көпір арқылы өтеміз. 
 

Картада көріп тұрған қызыл демаркация сызығының бойынан қарапайым тұрғындар жүре алмайды. Дәл осы қызыл сызық екі Кореяны бөліп тұр. Біз Имджингактан бөлек, үшінші тунельге, дүрбімен DMZ аумағы көрінетін алаңға және Дорасан станциясына барамыз. Бұл жерлерге кіру үшін міндетті түрде төлқұжат алып жүру керек. Қазір өзеннің бойында тұрғандықтан, қалған үш жерге көпір арқылы өтеміз


 

 

DMZ-ның ішінде Біріккен қауіпсіздік зонасы (JSA) бар. Біз тұрған жерден қашықтығы - 10 км.

 

Дәл сол жерде екі жақ соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге қол қойды. Бұл жерге турдың екі түрі бар. Бірі – DMZ-тур, екіншісі Біріккен қауіпсіздік зонасына бару (JSA). Бірақ Солтүстік және Оңтүстік Корея басшыларының үшінші саммитінен кейін JSA-тур уақытша тоқтатылды. Сондықтан тек DMZ-тур ғана туристерге ашық. 
 

Дәл сол жерде екі жақ соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге қол қойды. Бұл жерге турдың екі түрі бар. Бірі – DMZ-тур, екіншісі Біріккен қауіпсіздік зонасына бару (JSA). Бірақ Солтүстік және Оңтүстік Корея басшыларының үшінші саммитінен кейін JSA-тур уақытша тоқтатылды. Сондықтан тек DMZ-тур ғана туристерге ашық.


 

Гид картаға қарап, Солтүстік Кореяның тура Сеулге қарай бағыттап қазған тунельдері туралы айтты.

 

- Оңтүстіккореялық әскерлер тунель тауып алғанда, Солтүстік Корея «қазған біз емес» деп мойындамады. Бірінші туннель 1974 жылы, екіншісінде бір жылдан кейін, үшіншісі 1978 жылы және ең соңғысы 1990 жылы табылды. Екінші туннель Конвондо провинциясында. Бұл жерден үш сағаттық жерде. Әр туннельдің бағыттары әртүрлі. Бірақ олардың соңғы бағыты – Сеул. Яғни төртеуі төрт жақтан Сеулге жеткізеді. 
 

Оңтүстіккореялық әскерлер тунель тауып алғанда, Солтүстік Корея «қазған біз емес» деп мойындамады. Бірінші туннель 1974 жылы, екіншісінде бір жылдан кейін, үшіншісі 1978 жылы және ең соңғысы 1990 жылы табылды. Екінші туннель Конвондо провинциясында. Бұл жерден үш сағаттық жерде. Әр туннельдің бағыттары әртүрлі. Бірақ олардың соңғы бағыты – Сеул. Яғни төртеуі төрт жақтан Сеулге жеткізеді.


 

 

- Тағы да туннельдер болуы мүмкін бе?

 

- Иә, мүмкін. Оңтүстіккореялықтар туннельдерді барынша іздеді. Туннель қазу – провокациялардың бірі. Соғысты уақытша тоқтатқаннан кейін түрлі провокация болды. Шегі жоқ. Оңтүстік Корея азаматтарын өздеріне күштеп алып кетті. Кореян Эйр компаниясының ұшағын жарып жіберді (1987 жылы Үнді мұхитында болған оқиға - ред.). Шетелде болған біздің шараларымызда да жарылыс ұйымдастырды. Бұдан басқа теңізде де үлкен-кішілі қақтығыстар болды. Олар екі ел арасындағы сол кезде жасалған келісімді бұзды. Қазір үшінші туннельге барғанда толығырақ айтамын. 
 

Иә, мүмкін. Оңтүстіккореялықтар туннельдерді барынша іздеді. Туннель қазу – провокациялардың бірі. Соғысты уақытша тоқтатқаннан кейін түрлі провокациялар болды. Шегі жоқ. Оңтүстік Корея азаматтарын өздеріне күштеп алып кетті. Кореян Эйр компаниясының ұшағын жарып жіберді (1987 жылы Үнді мұхитында болған оқиға - ред.). Шетелде болған біздің шараларымызда да жарылыс ұйымдастырды. Бұдан басқа теңізде де үлкен-кішілі қақтығыстар болды. Олар екі ел арасындағы сол кезде жасалған келісімді бұзды. Қазір үшінші туннельге барғанда толығырақ айтамын.


 

 

- Егер мен осы DMZ аймағында жүріп, адасып кетсем не болады? 

 

- ДМЗ-ның ішінде адасу оңай емес. Себебі биік қабырғадан асу қиын. Бәрі көрініп тұрады, оның үстіне әскерлер бақылап отыр. Олардың киімінде MP деп жазылған – әскери полиция. 
 

ДМЗ-ның ішінде адасу оңай емес. Себебі биік қабырғадан асу қиын. Бәрі көрініп тұрады, оның үстіне әскерлер бақылап отыр. Олардың киімінде MP деп жазылған – әскери полиция.


 

 

- DMZ аймағына қанша турист келеді?

 

 

- Жылына 500 мың адам аралайды. Мен ағылшын тілінде гид қызметін ұсынамын. Аптасына екі рет тур жасаймын. Көбіне Еуропа, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия азаматтары келеді. 

 

Имджингакта тұрған ескерткішке қарап, көңілің түседі. Туған бауырынан саясаттың кесірінен айырылғандардың қайғысын есту оңай емес. 
 

Имджингакта тұрған ескерткішке қарап, көңілің түседі. Туған бауырынан саясаттың кесірінен айырылғандардың қайғысын есту оңай емес.


 

 

- Осы Имджингак паркі туралы айтып берейін. Корей жазбасы пайда болғанға дейін біз Қытай иероглифтерін қолдандық. Сондықтан сөздеріміздің 60 % қытай иероглифтерінен тұрады, қытай жазбасын оқи аламыз. Әр иероглифтің өз мағынасы бар. Мысалы, мына ескерткіштегі бірінші жазбаның мағынасы – «көңіл білдіру және біреуге деген сағыныш», екінші – «құрмет көрсету, иілу» деп жазылған. 

 

Конфуцийдің мемлекет басқару философиясы Чусон династиясының кезінде басшылыққа алынған. Конфуцийдің философиясы – ата-анаға деген құрмет, оларды қайтыс болғандарынан кейін де құрметтеу. Корей халқында екі үлкен мереке бар: жаңа жыл және егін жинау. Осы демалыстарда ауылдағы ата-аналарымызға барамыз. Ал кейбіріміздің ата-анамыз соғыс кезінде Солтүстік Корея территориясында қалып қойды. Сондай жандар осы жерге келіп, ата-анасына деген сағынышын, құрметін білдіреді. Себебі біз – Солтүстік Корея жеріне аяқ баса алмаймыз. Және осы мерекелер кезінде туристерге арналған билеттер сатылмайды. Яғни, DMZ аумағына жаңа жыл және егін жинау кезінде туристер кіре алмайды. Олар арнайы ас әкеліп, дәстүрді жасайды. Кезекке тұрғандардың қарасы көп болады. 

 

Бұл мемориалдың салынғанына біраз болды. Ол ескіргендіктен, былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды. Отанынан айрылғандар жиналған кезде лауазымды тұлғалар келіп, қарапайым халықпен бірге болады. Бұл жерге көбіне солтүстіккореялықтар келеді. Олар соғыс кезінде отбасынан айырылып қалды. 

 

Бұл мемориалдың салынғанына біраз болды. Ол ескіргендіктен, былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды. Отанынан айрылғандар жиналған кезде лауазымды тұлғалар келіп, қарапайым халықпен бірге болады. Бұл жерге көбіне солтүстіккореялықтар келеді. Олар соғыс кезінде отбасынан айырылып қалды


 


 

KBS телеарнасы 138 күн бойы туысын іздегендерді үзіліссіз көрсетті

 

Туысын іздеушілерге арнап KBS телеарнасында соғыс уақытша аяқталғаннан 30 жыл өткен соң, 1983 жылдан бастап арнайы бағдарлама түсіріле бастады. Оған дейін іздеу мүмкіндігі болмады. Тірі ме, өлі ме, солтүстікте ме, оңтүстікте ме – белгісіз. Олардың іздеу салған құжаттары ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының қатарына кірген. Туысын іздегендер телебағдарламаға барып, қағазға аты-жөнін жазып келеді. Кейін бірі-бірін көріп қалып, телеарнаға хабарласады. Айта кетерлігі, тек оңтүстіккореялықтар ғана бірі-бірін таба алды. Солтүстіктегілермен жолығу мүмкін емес. Осы бағдарлама арқылы 10 мыңнан астам адам өзінің туысын тапты. Туысқандардың қауышуына бүкіл халық қуанды. Бағдарламаны түсірушілер жобаның былай ұзақ болатынын күтпеген. 138 күн бойы тәулік бойы үздіксіз көрсетілді. 
 

Туысқандардың қауышуына бүкіл халық қуанды. Бағдарламаны түсірушілер жобаның былай ұзақ болатынын күтпеген. 138 күн бойы тәулік бойы үздіксіз көрсетілді.


 

 

Қазір адамды әлеуметтік желілер арқылы табу оңай. Бірақ бұрын бұл қиынның қиыны еді. Туысын таба алмағандар KBS көрмесіне әлі күнге дейін фотоларын, аты-жөндерін қалдырып кетеді. 
 

Туысын таба алмағандар KBS көрмесіне әлі күнге дейін фотолар, аты-жөндерін қалдырып кетеді.


 

 

Біз гидті тыңдап тұрғанда қайғылы әуен - «Жоғалған 30 жыл» деп аталатын халық әні естілді. 

 

Байқасақ, оңтүстіккореялықтар Солтүстік Корея туралы сөйлескісі келмейді. Себебі, біріншіден, қайғылы. Екіншіден, мұндай ауқымды мәселені бірден шешу мүмкін емес.

Ал, мына көпірде тұтқындар алмастырылған. Бұл көпір пойыз магистралінің жүруі үшін салынған. Осы магистраль арқылы екі Кореяға баруға болады. Бірақ қазір ол жабық тұр. 
 
Осы магистраль арқылы екі Кореяға баруға болады. Бірақ қазір ол жабық тұр.

 


 

 

Мектеп оқушылары арнайы турмен келгенде лентаға жазу қалдырады. 
 

Біз – бір отбасы. Екі Кореяның қосылғанын қалаймыз. 

 

DMZ-да миналар әлі де көп. Үшбұрыш сияқты қоршаулардың астында миналар бар. Ал жасыл шаршының астындағы миналар танкілерді 30 минутқа дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. 
 

DMZ-да миналар әлі де өте көп. Үшбұрыш сияқты қоршаулардың астында миналар бар. Ал жасыл шаршының астындағы миналар танкілерді 30 минутқа дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.


 

 

Әрі қарай Дорасан станциясына кеттік. Жолда «Бұқа тобы» деген атау алған көпірден өттік.

 

Бұл көпірді халық «Бұқа тобы» деп атайды.


 

- Бұл көпірді халық «Бұқа тобы» деп атайды. Көпірді Hyunday компаниясының негізін қалаушы Чон Чжу Ен салған. Ол Солтүстік Кореяда дүниеге келген. Бала кезінде үйінен бір бұқаны ұрлап, сатқан. Бұл – оның бизнесіне құйған алғашқы салымы. Және Чон Чжу Ен - осы көпірден мемлекеттің рұқсатымен өткен алғашқы азамат. Оны Солтүстік Кореяның президенті арнайы шақырған. Осылайша Чон Чжу Ен көпірден 500 бас сиырмен екі рет өткен. Бизнесі Оңтүстік Кореяда дамығанымен, Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек ретінде бұқалар жіберген. Қызық жағдай, осы көпірден сиырларды өткізіп жатқанда бір сиыр бұзаулаған. Сөйтіп ол 1001-бұқаны жеткізген. Ол бала кезінде ұрлаған бір бұқасын осылайша қайтарды дейді халық. 
 

Көпірді Hyunday компаниясының негізін қалаушы Чон Чжу Ен салған. Ол Солтүстік Кореяда дүниеге келген. Бала кезінде үйінен бір бұқаны ұрлап, сатқан.


 

 

Дорасан станциясы либералды партия өкілі Ким Дэ Чжун президент болғаннан кейін қолға алынған.

 

- Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенттерінің бірі Ким Дэ Чжунге (25.02.1998-24.02.2003) дейінгі президенттердің барлығы консерваторлар болған. Ким Дэ Чжун 1998 жылы президент болып сайланды. Ол либералды партия мүшесі еді және олар Солтүстік Кореяға қатысты саясатта ашық болды. Оның билігінен кейін либералды партия өкілі президент болып сайланды. 
 

 

1990 жылдарда Солтүстік Кореяда аштық болды. Себебі егін дұрыс шықпады. Миллионнан астам адам аштан қырылды. Солтүстік Кореядағы ахуалға Оңтүстік Корея президенті бей-жай қарай алмады. Ким  оларға күріш берейік деген ұсыныс айтты. Бірақ Оңтүстік Корея халқының арасына егінімен бөлісуден бас тартқандар болды. Наразылық білдірді. Дегенмен президент шешім қабылдап, Солтүстік Кореяға көмектесті. Мұны тарихта «күн саясаты» деп атайды. Сонымен қатар, осы үшін оған Нобель сыйлығы берілді. 
 

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенттерінің бірі Ким Дэ Чжунге (25.02.1998-24.02.2003) дейінгі президенттердің барлығы консерваторлар болған. Ким Дэ Чжун 1998 жылы президент болып сайланды. Ол либералды партия мүшесі еді және олар Солтүстік Кореяға қатысты саясатта ашық болды. Оның билігінен кейін либералды партия өкілі президент болып сайланды.1990 жылдарда Солтүстік Кореяда аштық болды. Себебі егін дұрыс шықпады. Миллионнан астам адам аштан қырылды. Солтүстік Кореядағы ахуалға президент бей-жай қарай алмады. Ким оларға күріш берейік деген ұсыныс айтты. Бірақ Оңтүстік Корея халқы егінімен бөлісуден бас тартты. Наразылық білдірді. Дегенмен президент шешім қабылдап, Солтүстік Кореяға көмектесті. Мұны тарихта «күн саясаты» деп атайды. Сонымен қатар, осы үшін оған Нобель сыйлығы берілді.


 

 


 

Дорасан станциясының екі ұшы

 

- Егер былай қарай жүгірсек, бірден Пхеньян әскерін кездестіруге болады. Ал кері бағыт – Сеул. Сеулден осы Дорасан станциясына дейін күніне бір рет пойыз жүреді. Ол арнайы туристер үшін шығады. Басшыларымыз үш рет кездескеннен кейін тағы да үміт болды. Атмосфера өзгерді. Оңтүстік Кореяның сол екі және қазіргі президенті – либералды партия өкілдері. 
 

 

Біздің пойыздың алдында Оңтүстік Корея – Солтүстік Корея деп тұр, ал солтүстіктен шыққан пойызда Солтүстік Корея – Оңтүстік Корея деп жазылған. Яғни әр ел өзінің мемлекетін бірінші қояды. 2007 жылдың 17 мамырында шыққан алғашқы пилотты пойыз шықты. 27,3 км қашықтыққа дейін жүрді. Бірақ консервативті билік келген соң екіжақты байланыс бұзылды. 
 

Біздің пойыздың алдында Оңтүстік Корея – Солтүстік Корея деп тұр, ал солтүстіктен шыққан пойызда Солтүстік Корея – Оңтүстік Корея деп жазылған. Яғни әр ел өзінің мемлекетін бірінші қояды. 2007 жылдың 17 мамырында шыққан алғашқы пилотты пойыз шықты. 27,3 км қашықтыққа дейін жүрді. Бірақ консервативті билік келген соң екіжақты байланыс бұзылды.


 

 

Дорасан станциясында Берлиннен әкелінген қабырға тұр. Сол жағында «Батыс-Шығыс» Германияның соғысы мен татуласқан күні берілген. Ал оң жағында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея соғысының басталған күні (1950 жылдың 25 маусымы – автор) бар да, аяқталған күні деген жерде секундомер істеп тұр. Әлі біткен жоқ... 

 

- Мынау Берлиннен арнайы әкелінген қабырға. Германияның батысы мен шығысы осы қабырға арқылы бөлініп тұрған. Оңтүстік Корея Германияның екі бөлігінің 1989 жылы қосылғанын үлгі етеді. Сондықтан оңтүстік пен солтүстіктің қосылуына қатысты ақпаратты таратқан кезде көбіне біз Германияның қосылу үлгісін ұстанамыз. 
 

Сондықтан оңтүстік пен солтүстіктің қосылуына қатысты ақпаратты таратқан кезде көбіне біз Германияның қосылу үлгісін ұстанамыз.


 

 

Бұл - америкалық пошта пойызы. Германияның батысы мен шығысына жүрген пошта таситын пойыздың түпнұсқасы. Ал біз солтүстікке хат та жібере алмаймыз. Яғни, Корея мен Германияның арасындағы үлкен айырмашылықтардың бірі. Мен Германиядан келген туристерге DMZ-ны таныстырғанда олар таңғалады. Расында, екі ел арасындағы ажырау және ымыраға келу процесі екі түрлі сияқты.

 

2015 жылдың 14 қазаны. Кореяның бірігуін тілейміз! 

 

Солтүстік Корея арқылы пойызбен өткен жалғыз мүмкіндік. 1936 жыл. 

 

- Негізінде Оңтүстік Корея түбекте арал сияқты орналасқан. Яғни, біз Солтүстік Кореяны айналып өте аламыз. Аспаннан да асып өте аламыз. Бірақ Сібір, Трансқытай магистралі және басқа магистральдарды Солтүстік Корея арқылы ғана біріктіре аламыз. Менің де арманым – Лондонға пойызбен бару. Бірақ әзірге Солтүстік Корея арқылы пойызбен өте аламыз ба деген ой миымызға кіріп-шыға алмайды. Мұндай мүмкіндік 1936 жылы Германиядағы олимпиадаға барғанда болды. Ол кезде кореялықтар Жапонияның туын ұстап (Корея Жапонияның отары болғанда) қатысты. Сол жазғы олимпиадада кореялық Сонг Ги Джон алтын медаль алды. Айтайын дегенім, сол олимпиададағы біз Солтүстік Корея арқылы пойызбен бардық. Осы жалғыз мүмкіндік болды. 
 

Негізінде Оңтүстік Корея түбекте арал сияқты орналасқан. Яғни, біз Солтүстік Кореяны айналып өте аламыз. Аспаннан да асып өте аламыз. Бірақ Сібір, Трансқытай магистралі және басқа магистральдарды Солтүстік Корея арқылы ғана біріктіре аламыз. Менің де арманым – Лондонға пойызбен бару. Бірақ әзірге Солтүстік Корея арқылы пойызбен өте аламыз ба деген ой миымызға кіріп-шыға алмайды. Мұндай мүмкіндік 1936 жылы Германиядағы олимпиадаға барғанда болды. Ол кезде кореялықтар Жапонияның туын ұстап (Корея Жапонияның отары болғанда) қатысты. Сол жазғы олимпиадада кореялық Сонг Ги Джон алтын медаль алды. Айтайын дегенім, сол олимпиададағы біз Солтүстік Корея арқылы пойызбен бардық. Осы жалғыз мүмкіндік болды.


 

 


 

Дорасан станциясының міндеті

 

- Корей түбегіне қарасаңыз бізде батыс және шығыс теңіз бар. Яғни, Кйенги магистралі – батыс бағытының бір линиясы. Солай біз Трансқытай магистралін қоса аламыз. Шығыс магистралі оңтүстік пен солтүстікті әзірге қоспайды. Бірақ Шығыс магистралі арқылы Пусан-Конвондо-Владивостокты қосқымыз келеді. Және осы Дорасан станциясы біздің болашақта магистральдарды қосамыз деген үмітіміз десек те болады. Ол - оңтүстіктегі ең солтүстік нүкте және солтүстікке бастар бірінші нүкте. 

 

Солтүстік Кореяның Кесон қаласында арнайы индустриалды кешен ашылып, онда 100-ден астам оңтүстіккореялық кәсіпкер бизнес ашты. Солтүстік Корея халқы жұмыспен қамтылды. 

 

Біз Кесон қаласына баратын жолдағы қақпаны фотоға түсіргіміз келді. Қасымыздағы әскери қызметкер «мен көріп тұрған жоқпын, түсіріп алыңыздар» деді.

 

- Ол басқарған кезде екі жақ экономикалық тұрғыдан байланыс орната бастады және олар Кесон қаласында бірлескен индустриалды кешен салу туралы шешім қабылдады. Сондықтан осы пойыз станциясы индустриалды кешен үшін салынған болатын. Бұл индустриалды кешеннің негізгі идеясы 100-ден астам кәсіпкер Солтүстікте кәсіпорын салу болатын. Ол кәсіпорындарда солтүстіккореялықтар жұмыспен қамтылды. Бірлескен индустриалды кешен 2004 жылы іске қосылып, 2016 жылы жабылып, тоқтатылды. Кесон кешенінен Солтүстік Корея 100 млн доллар ақша тапты. Ақша халыққа тікелей жеткен жоқ. Бірінші үкіметі алды, ал олардың қалай, кімге бергенін білмейміз. Ким Дэ Чжун билігі кезінде қос Корея қатынасы жақсарды. Біз енді бірігеміз деп үміттендік. Барлығы жақсы болып келеді деп сендік. Бірақ олай болмайды. 

 

- Кесон индустриалды кешені неліктек жабылды? Солтүстік Корея кешеннен түскен ақшаны ядролық технология үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ресей мен Қытай көмектесті ме?

 

- Кесон индустриалды кешені 2016 жылы жабылып қалды. Себебі сол жылдың басында Солтүстік Корея ядролық қаруды қолданды. Сондықтан біз мұндай ядролық атом бомбасы үшін технологияға ақшаны қайдан тауып жатыр деп ойландық. Бұрынғы Оңтүстік Корея үкіметі Солтүстік Кореяға қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің, АҚШ санкцияларынан кейін, ешқандай сауда-экономикалық қатынасы жоқ бола отырып, ақшаны қайдан алады деп қауіптенді. Сосын осы Кесон кешенінен түскен ақшаны сол ядролық технологияға жұмсап жатыр деген ой келді. Ресей мен Қытай бұрынғы соғыс кезіндегідей тығыз байланыста емес, сондықтан олар қаржыландырды дегенге сене қоймаймыз. Себебі Ресей мен Қытай әлемге жол ашты. Олар Оңтүстік Кореямен де қарым-қатынас орнатты. Сосын біздің ел де екеуімен жақсы қатынасты қолдады. Солтүстік Корея – әлемдегі жабық ең жалғыз  ел болғандықтан, Қытай оған гуманитарлық көмек жолдап отырады. Бірақ ядролық қаруды қолдауға қаржы бермеді. 
 

Бұл – солтүстіккореялық қыз. Оның төсбелгісінде Ким Ир Сеннің суреті бар. Қыз шығыс магистраліне арналған шарада түсірілген болатын.


 

 

Бұл – солтүстіккореялық қыз. Оның төсбелгісінде Ким Ир Сеннің суреті бар. Қыз шығыс магистраліне арналған шарада түсірілген болатын.

 

- Неліктен индустриалды кешен Кесонда ашылды?

 

- Солтүстік Кореяның Кесон қаласын таңдауымыздың себебі бар. Олар Оңтүстік Кореяға келуге тыйым салады. Олар бізге келіп басқа әлемді көреді, дамыған елді көреді, билікке қауіп төндіреді. Үкімет осыдан қорыққандықтан тек өздерінің территориясында ашуға рұқсат берді. "Бизнес ашсаңдар бізде ғана ашыңдар" деп келіседі. Бір өкініштісі, ол жақтағы бизнесіне ақша құйған оңтүстіккореялықтардың шығыны зор болды. Себебі 100-ден астам кәсіпкер ол жақта орта және шағын бизнес ашқан болатын. Аяқ астынан Кесондағы кешен жабылғанда екі жаққа да өте ауыр тиді. Дегенмен Солтүстік Кореяның қазіргі үкіметі Кесондағы кешенді қайта қолға алғысы келеді. 

 

Үшінші туннель. 73 метр тереңдікпен 1635 метр ұзындықты алып жатыр. Соның 435 метрі DMZ арқылы өтеді. Туристер үшін осы туннель көрсетіледі.

 

Туннельге бармас бұрын ұйымдастырушылар ұялы телефонды, диктофонды, фотоаппараттарды қалдыруды сұрады. Арнайы полиция өкілдері төлқұжатымызды тексерді. Оларға біздің тізімді алдын ала беріп қойған. Содан соң бізбен бірге әскер жүріп, үшінші туннельге қарай жол тарттық. 
 

Туннельге кірмес бұрын шағын музейге кірдік. Гид DMZ-дағы ғимараттар туралы ақпарат айтты.


 

 

Туннельге кірмес бұрын шағын музейге кірдік. Гид DMZ-дағы ғимараттар туралы ақпарат айтты. 
 

- Ортасындағы үш көк үй Т1, Т2, Т3 тұр. Т – ағылшынның temporarily уақытша дегенді білдіреді. Ортасындағы үйде Ким Ир Сен және Оңтүстік Корея басшысы кездесті. Соғыстан кейін бұл зона – бейтарап болды. Яғни, бұл зона - АҚШ, БҰҰ, Солтүстік Корея, Оңтүстік Кореяға тиесілі. Бірақ 1976 жылы Солтүстік Корея әскерлері өте ауыр қылмыс жасады. Бұл зонада өте кәрі, биік ағаштар болған. Ағаштар америкалық әскерлерге Солтүстік Кореяны бақылауға кедерге жасайды. Сосын америкалықтар ағаштарды кесуге бел буады. Бірақ Солтүстік Корея әскерилері мұны жақтырмай, АҚШ әскерлерін қолдарындағы ағаш кесетін құралдарымен өлтірді. Содан кейін шекараны екіге бөліп, үш көк үйдің маңын екіге нақты бөлді. Екі тарап әскерлері бір-бірінің аймағына аяқ баспайтын болды. Қою көк түспен екі жақ бөлініп тұр. 
 

Қайтыс болған екі әскер жүк көлігінің артында. Ал мыналар жан-жақтан жүгірген әскерлер. Сол кезде әскерлер осы кезде қатты ашуға берілді. Тіпті соғыс ашуға дайын тұрды. Бірақ Солтүстік Корея басшысы АҚШ басшысынан кешірім сұрады. Содан кейін әскерилер басылды. 

Ортасындағы үш көк үй Т1, Т2, Т3 тұр. Т – ағылшынның temporarily уақытша дегенді білдіреді. Ортасындағы үйде Ким Ир Сен және Оңтүстік Корея басшысы кездесті. Соғыстан кейін бұл зона – бейтарап болды. Яғни, бұл зона АҚШ, БҰҰ, Солтүстік Корея, Оңтүстік Кореяға тиесілі. Бірақ 1976 жылы Солтүстік Корея әскерлері өте ауыр қылмыс жасады. Бұл зонада өте кәрі, биік ағаштар болған. Ағаштар америкалық әскерлерге Солтүстік Кореяны бақылауға кедерге жасайды. Сосын америкалықтар ағаштарды кесуге бел буады. Бірақ Солтүстік Корея әскерилері мұны жақтырмай, АҚШ әскерлерін қолдарындағы ағаш кесетін құралдарымен өлтірді. Содан кейін шекараны екіге бөліп, үш көк үйдің маңын екіге нақты бөлді. Екі тарап әскерлері бір-бірінің аймағына аяқ баспайтын болды. Қою көк түспен екі жақ бөлініп тұр.


 

 

Ал қос Корея арасындағы саммит кезінде екі ел президенттері байқамай Оңтүстік Корея территориясына бірнеше қадам басады. Екеуі сонда бір уақытта Оңтүстік Корея территориясында тұрып қалды.

 

- Былтыр үшінші корейаралық саммитте ел басшылары осы зонаны бейтарап зонаға айналдырамыз деп келісімге келді. Олар еркін аймаққа айналуы үшін құжаттарды дайындады. Дегенмен олар АҚШ пен Солтүстік Корея саммитінен оң нәтиже күтті. Өкінішке қарай, ол сәтсіз аяқталды және қазір ол жаққа тіпті туристерді кіргізбей қойды. 

 

Түтін шықты. Туннельдер қалай табылды? 

 

- Үшінші туннельдің ұзындығы - 1,6 шақырым. Бірақ туристерге тек жаяу 263 метрге дейін баруға рұқсат етілген. Бір уақытта бұл туннельге 30 мың солтүстіккореялық сыйып кетеді. Олар бір уақытта марш жасап, Сеулден 44 шақырым қашықтықтағы жерден шыға алады. Туннель 1978 жылы табылды. Бірақ Солтүстік Кореядан қашып келген Ким Пу Сонг 1975 жылы осы туннель туралы айтқан. 1972 жылы Ким Ир Сен туннель ашу туралы бұйрық берген. Қашқын айтпағанда біз мұндай туннельдің бары туралы ойлаған да жоқпыз. Бірінші туннельді тапқан кезді айтып берсем. Әскерлер жерден түтін шығып жатқанын байқайды. Сосын жерді қазып, астында не барын анықтағысы келеді. Бірақ туннельдің ішінде солтүстіккореялықтар оларға қарсы оқ атады. Ал түтін қайдан шықты? Солтүстік Корея әскерлері түскі ас дайындап отырғанда солан түтін шығады. 

 

Ал Ким Пу Сонг туннельдің барын білгенмен, қайда екенін білген жоқ. Сондықтан Оңтүстік Корея әскерлері бастау пунктінен бомба жара бастайды. Содан кейін олар бомба жарылып жатса, онда шынымен үлкен туннель бар деген ой келеді. Олар 100 трубаны жерге қарай қазады да, сосын су жібереді. Олыр судың шыққанын 3 жыл бойы күтеді. Трубалардан су шыға бастайды. Сосын туннельдің жалғасы былай қарай екен деген ой келеді. 
 

 DMZ ішіндегі ауылдықтар. БҰҰ әскері адам санын күнде кешке түгелдейді.


 

 

DMZ ішіндегі ауылдықтар. БҰҰ әскері адам санын күнде кешке түгелдейді. 

 

- DMZ-ның ішінде Тесондон ауылы бар. Ал Кесондон ауылы солтүстік бөлікте тұр. Яғни осы екі ауыл DMZ-ның территориясында тұр. Біреулерге мұндай қауіпті жерге ауылдың тұрғаны біртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен соғысқа дейін бұл жерде адамдар тұрды және олар сол кезден бастап ешқайда кеткісі келмеді. Соғыс аяқталған кезде екі ел басшылары осы ауылдарды қалдыруға келіседі. Бұл ауылдың балалары бастауыш мектепті ғана оқиды. Негізінен халқы күріш егеді. Оларды 50-ге жуық әскер қорғайды. Бұрын фермерлер жұмыс істеген кезде Солтүстік Корея әскерлері оларды алып кетіп қинаған. Сондықтан кейін БҰҰ әскерін кіргізіп, қорғап отырады. Кешке қарай қанша адам бар екенін есептеп үйіне кіргізеді. Ауыл тұрғындарының міндеті бар. Олар сыртта 8 айдан көп жүрмеу керек. Көбіне үйде отыруы тиіс. Бұдан басқа олар әскерге бармайды, салық төлемейді. Солтүстік Корея жақтағы ауылда ешкім тұрмайды. Кесон индустриалды кешенінде жұмыс тоқтаған соң олар «жоғалды». 

 

Кесонға барар жолға үлкен мұнаралар орнатылған. Солтүстікке оңтүстіктің хабары жете алмайды.

 

- Солардың бірінде Солтүстік Кореяға оңтүстіктен теле-радиобағдарламаларды қабылдауға кедергі жасайтын құрылғы орнатылған. Екі елдің ортасында өзен жатыр. Қызығы, екі тарап тек өзенмен бөлінбеген. Яғни өзеннің бергі жағында Солтүстік Кореяның да территориясы бар. Ол сызықпен бөлінген. Ол жақта солардың әскері отыр, туы тұр. 
 

Дүрбімен DMZ территориясын қарайын деп ұмтылдық. Тұман болған соң дұрыс көрінбеді. Расында, екі елдің татуласуы да көк түтін тұманда тұрғандай болып көрінді. Ымыраға келу мүмкін бе, жоқ па? Ол туралы алдағы уақытта пресс-тур барысында сұхбаттасқан сарапшыларымыздың пікірінен біле аласыздар.


 

Дүрбімен DMZ территориясын қарайын деп ұмтылдық. Тұман болған соң дұрыс көрінбеді. Расында, екі елдің татуласуы да көк түтін тұманда тұрғандай болып көрінді. Ымыраға келу мүмкін бе, жоқ па? Ол туралы алдағы уақытта пресс-тур барысында сұхбаттасқан сарапшыларымыздың пікірінен біле аласыздар.


 

Дүрбімен DMZ территориясын қарайын деп ұмтылдық. Тұман болған соң дұрыс көрінбеді. Расында, екі елдің татуласуы да көк түтін тұманда тұрғандай болып көрінді. Ымыраға келу мүмкін бе, жоқ па? Ол туралы алдағы уақытта пресс-тур барысында сұхбаттасқан сарапшыларымыздың пікірінен біле аласыздар.


 

 

Дүрбімен DMZ территориясын қарайын деп ұмтылдық. Тұман болған соң дұрыс көрінбеді. Расында, екі елдің татуласуы да көк түтін тұманда тұрғандай болып көрінді. Ымыраға келу мүмкін бе, жоқ па? Ол туралы пресс-тур барысында сұхбаттасқан сарапшыларымыздың пікірінен біле аласыздар
 


© baq.kz, 2019. Автор: Рахиля Бекназарқызы
 

 

 

Материалды ешқандай формада көшіруге болмайды. Автор және меншік иесі тарапынан болатын претензияларда -  көшірме зардабынан жоғалған қаржылай шығындар қосымша көрсетіледі. 

 

 

 

 

Бөлісу: