Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

11 Қаңтар 2020, 06:21
1565
Бөлісу:
Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогі кезеңі басталды. Шпагашылар бәсекесінде қазақстандық спортшылар да сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дмитрий Алексанин мен Вадим Шарлаимов алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, үздік 64 спортшының қатарына енді. Олар жарысты әрі қарай жалғастырады.

Ал Эльмир Алимжанов 98, Руслан Курбанов 122, Дмитрий Адайкин 267-орында қалды.

Әлем кубогі кезеңіне жалпы есебі 327 шпагашы қатысуда.



Өзгелердің жаңалығы