Дияс Гонконгтағы жарыстың жартылай финалына шықты

3 Қаңтар 2020, 17:42
1997
Бөлісу:
Дияс Гонконгтағы жарыстың жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Women's 25K Hong Kong турнирінің 1/2 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Дияс ширек финалдағы ойында грузин теннисшісі Екатерина Горгодзені 6:0, 7:6 (2) есептерімен жеңді. Корттағы тартыс 1 сағат 31 минутқа созылды. 

Финалға шығу үшін жерлесіміз америкалық Сачия Викеримен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы