Дипломаттар Президент саябағына алма ағашын отырғызды

21 Мамыр 2024, 19:11
321
Бөлісу:
Дипломаттар Президент саябағына алма ағашын отырғызды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Таза Қазақстан»: шетелдік дипломаттар Президент саябағына алма ағашын отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада әлемнің түрлі елдерінен келген дипломаттар қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосып, Президент саябағына ағаш отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында елордада Малайзия, Израиль, Португалия, Швеция, Бразилия дипломаттарының қатысуымен ағаш отырғызылды. Экоакцияны Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері мен «Жер амбассадорлары» жобасының қатысушылары да қолдады.

Біздің бүгінгі ағаш отырғызуымыз еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі аясында ормандарды қалпына келтіру, сондай-ақ ормандарды кесудің алдын алу жөніндегі Қазақстанның күш-жігеріне сәйкес келеді. Біздің қызметіміз Алматы ауданы әкімдігінің және «Жер амбассадорлары» жобасының қолдауынсыз мүмкін болмас еді. Сіздердің іс-шараға қосқан үлестеріңізге үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, - деді Тайланд Корольдігінің Елшісі Чатчаван Сакорнсин.

Іс-шара барысында Президент саябағында жабайы алма ағаштарының 16 көшеті отырғызылды.

Таиланд елшілігінің өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын қолдауға ниет білдірді. Бүгін Президент саябағының аумағында 16 ағаш отырғыздық. Экоакцияға түрлі елдердің елшілері мен белсенді жастар да қатысады, - деп атап өтті Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Әбдірайымов.

«Жер амбассадорлары» жобасының қатысушысы Нұрхамит Жақыповтың айтуынша, отырғызылған ағаштар астаналықтардың сүйікті саябағын гүлдендіре түседі.

Біз жеміс бермейтін, бірақ өте әдемі гүлдейтін 16 жабайы алма ағашын отырғыздық. Келесі жылы саябақ тек сиреньмен ғана емес, біз отырғызған гүлденген алма ағаштарымен де көркейе түседі деп үміттенеміз, – деді Нұрхамит Жақыпов.

Өзгелердің жаңалығы