Діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі

29 Ақпан 2024, 09:23
1586
Бөлісу:
Діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі
Фото: ҚМДБ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттың мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру, - деп атап өтті Батыржан Берденұлы.

Өзгелердің жаңалығы