Динара Сәдуақасова Атырауда өтіп жатқан шахмат фестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі

16 Тамыз 2022, 21:55
1075
Бөлісу:
Динара Сәдуақасова Атырауда өтіп жатқан шахмат фестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі

Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер. Ол Атырауда өтіп жатқан Халықаралық шахмат фестивалінің ресми ашылуына қатысты.

Динара Сәдуақасова Атырауда өтіп жатқан шахмат фестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі

Бүгін өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі деп білемін. Академия командасымен Атырауда өтіп жатқан Халықаралық шахмат фестивалінің ресми ашылуы өтті. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Александр Даниловқа, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевқа фестивальдің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ іс-шараның ашылу салтанатына келген мәртебелі қонақтардың бірі, атақты қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болды. Жылы лебіздеріңіз бен атқарған жұмысымызды жоғары бағалағандарыңыз үшін әрқайсыңызға мың алғыс! – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Динара Сәдуақасова Атырауда өтіп жатқан шахмат фестивалінің қатысушыларына сәттілік тіледі

Атақты шахматшы турнир қатысушыларына жеңіс тілеп, нәтиже туралы хабарлап отыратынын жазды.

Сондай-ақ алдағы аптада өздерін өте белсенді түрде көрсетуге тура келетін турнирлердің барлық қатысушысына тағы да тек жеңіс тілеймін – фестивальдің жеңімпаздары 24 тамызда жарияланады.

Фестиваль серіктестеріне іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Көрермендер мен жанкүйерлерге турнирлерді жақсы тамашалап, уақытты тиімді өткізуді тілейміз – мұны фестивальдің www.atyrauchessfestival.kz сайты, сондай-ақ www.chess.com және www.chess24.com сайты арқылы қарауға болады.

Фестивальдің әрі қарайғы барысы мен оның нәтижелері туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы хабарлайтын боламыз.

Өзгелердің жаңалығы