Динара Сәдуахасова Азия чемпионы атанды

16 Маусым 2019, 11:18
1861
Бөлісу:
Динара Сәдуахасова Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы facebook-тегі парақшасында жазды.

Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында өтті. Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9  раундтан өтті. 

«Динара 15 елден келген 36 қарсыласынан басым түсіп, 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинады»,- делінген Қазақстан шахмат федерациясы таратқан хабарламада

Бұл бәсекеге Қазақстаннан үш шахматшы қатысты. Олар: ерлер секциясынан - Ринат Жұмабаев, ал әйелдерден - Динара Сәдуақасова мен Гүлмира Дәулетова.

Өзгелердің жаңалығы