Димаштың муралы қайта жөнделеді

9 Наурыз 2023, 10:52
928
Бөлісу:
Димаштың муралы қайта жөнделеді
Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың бірі Димаш Құдайбергеннің зақымданған муралын жөндеуге рұқсат сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің атым – Эмина Қожамұратова. Мен продюсер, әрі сәулетшімін. Біздің орталық үйлерімізді жөндеген аудан әкіміне көп рахмет, бірақ бұл жөндеу жұмыстары кезінде биыл туғанына 110 жыл толған Димаш Құдайбергеннің муралы қатты зақымданды. Біз осы сенбіде оны қалпына келтіргіміз келеді. Соған ресми рұқсат берсеңіз, - деді ол.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғын ұсынысын қолдайтынын айтты.

Мен бұл бастаманы қуана қолдаймын. Аудан әкімі сіздерде ПИK (пәтер иелерінің кооперативі) немесе МИБ (мүлік иелерінің бірлестіктері) болса, үй тұрғындарын жинап, сенбі күні жұмыстар жүргізуге көмектеседі, – деп жауап берді Е.Досаев.

Өзгелердің жаңалығы