Димаштың бейнебаяны чарттарда көш бастап тұр

15 Шілде 2023, 10:22
540
Бөлісу:
Димаштың бейнебаяны чарттарда көш бастап тұр

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің Together бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық видеолардың дауыс беру тізіміне енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ әншінің жеке сайтына сілтеме жасап.

Бесінші апта қатарынан клип бірінші орында.

Чехиядағы алғашқы ÓČKO музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігі отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптерден тұрады. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән чарттары көрсетіледі.

Димаш алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылғы 10 ақпанда өзінің Golden музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы