Димаш Қытайдағы "Golden Panda" премиясында өнер көрсетті

22 Қыркүйек 2023, 08:28
582
Бөлісу:
Димаш Қытайдағы "Golden Panda" премиясында өнер көрсетті
Фото: Dimashnews.com

Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен "Golden Panda" сыйлығын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэй мен Димаш "Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады.

"Golden Panda" – бұл сыйлықтың мәдени маңызын көрсететін Панда символымен бейнеленген кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамытуға және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құруға бағытталған халықаралық шара. Бұл сыйлық бүкіл адамзаттың ортақ құндылығын ашатын ең жақсы фильмдерді таңдап, бағалайды.

Димаш қызыл кілемде әйгілі қытай әншісі Вэй Вэйдің бірге жүріп өтті. Жанкүйерлерімен амандасып, "Dears-қа деген сүйіспеншілікпен" деген қолтаңба қалдырды.

Кештің финалында Вэй Вэй мен Димаш Golden Panda Awards "同行 Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Түпнұсқа шығарманы әйгілі ұйымдастырушы және ән авторы Чжу Хай және композитор, Оскар сыйлығының музыкалық төрешісі Нейтан Ванг жазған.

Солистердің әуезді дауысы ерекше үйлесім тауып, барлық тыңдаушыны толғандырды.

Өзгелердің жаңалығы