Димаш Қытайдың үздік әншісі атанды

12 Қаңтар 2020, 12:35
2524
Бөлісу:
Димаш Қытайдың үздік әншісі атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 сыйлығын алды. 

Бұл туралы белгілі әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Мен "Жылдың үздік әншісі" JSTYLE марапатына ие болдым. Рақмет, dears. Мен сіздерді жақсы көремін, - деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергенге марапат Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды.  

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында ол Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Қытайда ең танымал шетелдік әртіс атанды.  

Кейіннен белгілі болғандай, Димашың алдағы жеке концерті 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтеді.

Өзгелердің жаңалығы