Димаш Құдайбергеннің жаңа клипінің тизері шықты

12 Қыркүйек 2022, 12:51
1226
Бөлісу:
Димаш Құдайбергеннің жаңа клипінің тизері шықты

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 қыркүйекте Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы тыңдармандармен фан-кездесуінде «Бір аспанның хикаясы» клипінің премьерасы өтеді.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.  

 Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір планетаның перзентіміз және бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық. Ешқандай қасиетті кітап адам өлтіруге үндемейді. Біз дос болуды үйренуіміз керек, өйткені бір-екі ересек адамның кесірінен миллиондаған бала азап шекпеуі тиіс. Ғаламшарымыздың болашағы, адамзаттың болашағы өз қолымызда, әлемде тыныштық болсын. Біз бір үйдің, бір жердің, бір аспанның балаларымыз, - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің хикаясына негізделген музыкалық бейнебаянды 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады.

 

Өзгелердің жаңалығы