Димаш Құдайберген Пласидо Домингоның иығына шапан жапты

17 Наурыз 2024, 08:36
403
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Пласидо Домингоның иығына шапан жапты
Фото: скрин

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген атақты әнші Пласидо Домингоға ізет көрсетіп, шапан сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Димаш әлемдік даңқты опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында бірге ән шырқаған.

Өзгелердің жаңалығы