Димаш Құдайберген Орталық Азия елдері басшыларының алдында ән салды

18 Мамыр 2023, 23:31
936
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Орталық Азия елдері басшыларының алдында ән салды
Фото: zakon.kz

Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің алдында әлемге танымал Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген ән салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тан әулетінің Лотос саябағында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің кездесуі ресми қабылдауға ұласты, деп хабарлайды Ақорда.

Жоғары деңгейдегі қонақтар алдында жерлесіміз Димаш Құдайберген қытай тілінде ән шырқады.

Бұған дейін "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өткені, олардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілгені, онда Димаш Құдайбергеннің өнер көрсететіні хабарланған болатын.

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы