Димаш Құдайберген «Болашақпен» оқуға түсті

28 Желтоқсан 2022, 16:43
1323
Бөлісу:
Димаш Құдайберген «Болашақпен» оқуға түсті

Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін «Болашақ» бағдарламасы иегерлерінің тізімі шықты. 178 қазақстандықтың арасында танымал әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Республикалық комиссия шешімімен биылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және өзге елдердің жоғары оқу орындарында білім алады. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі. 2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді, - деп хабарлады бағдарламаның баспасөз қызметі. 

Тізімде 106-нөмірде Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы бар. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы бұл танымал, әнші Димаш Құдайберген екенін растап отыр. 

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы