Димаш өзінің жаңа әніне түсірген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті

28 Сәуір 2024, 14:11
426
Бөлісу:
Димаш өзінің жаңа әніне түсірген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне түсірген бейнебаянын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Құрметті достар! Жаңа Smoke әніме бейнебаянның шығуына орай біз жақсы көңіл-күй үшін бейнебаянның бір бөлігін көрсетуді ұйғардық. Бұл сіздерді жалықтырып алмайды деп сенемін. Жақында Будапештте және Стамбулда көрісеміз. Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме? Сіздермен кездесетін сәтті күтемін, - деп жазды әртіс.

Димаштың жанкүйерлері бейнебаянға жоғары баға беріп, оның Венгриядағы концерттерін асыға күтетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы