Димаш онлайн концерт береді

12 Мамыр 2020, 22:58
1508
Бөлісу:
Димаш онлайн концерт береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің елордада жеке концерт өткізеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұсынады! Қазақтың аты әлемге әйгілі дүлдүл әншісі Димаш Құдайбергеннің елорда төріндегі жеке концертін өткізіп алмаңыздар! 13 мамырда сағат 20:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube арнасында Димаш Құдайбергеннің #BASTAU live Show онлайн концерті беріледі. Оған әнші Майра Мұхамедқызы, Лорин (Loreen), Софи Эллис-Бекстор (Sophie Ellis-Bextor), Кристина Орбакайте қатысады - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы