Димаш: Бұл қыз маған менен де қатты ұқсайды екен

8 Шілде 2019, 12:47
3327
Бөлісу:
Димаш: Бұл қыз маған менен де қатты ұқсайды екен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында өзін айнытпай салған қыздың видеосын жариялады. 

Димаш Құдайберген парақшасына телевизиялық шоуда өзіне пародия жасаған белгісіз қыздың видеосын жариялады. Әнші видеода атақты Sos Dun Terrien әнін Димаштың орындауында шырқап шығады.

"Өте қызық пародия. Бұл қыз маған менен де қатты ұқсайды екен. Өте талантты орындап шықты", - деп жазды отандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Димаштың оқырмандары пародия жасаған қыздың Моңғолиядағы "Яг түүн шиг" (Дәл сол сияқты) телешоуының қатысушысы екенін жазды.

Өзгелердің жаңалығы