Димаш әлемге өзін мойындатты. Тлепов ақпараттық нарық туралы айтты

25 Қараша 2021, 15:42
1301
Бөлісу:
Димаш әлемге өзін мойындатты. Тлепов ақпараттық нарық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты.

Анимациялық фильмдерге келсек, қазір нарықтық заман. Тек Қазақстанның нарығына қарап отырып байып кетем деген артық. Басқа да нарықтар бар. Егер сіздің жасап жатқан өніміңіз сапалы болса, өзге нарыққа шығуға неге ұмтылмасқа? Ресейдің үлкен нарығы мен өзге мемлекеттер де бар. Мәселен, қазақстандық банктер өзге елдерде таныта білді. Димаш Құдайберген де өзін әлемге танытып, мойындатты. Сондай дүниелер болса, нарық деген мәселе болмау керек, - деді Болат Тлепов.

Оның айтуынша, сайттардың барлығы бәсекелі ортада дамуы керек.

Мемлекеттің жеке қатысуымен жасалған дүниелер ондай дәрежеге жете алмайды. Оны тәжірибеден де көрдік. Осы ретте коммерциялық нарық қажет. Қазір сайт жасау оны контентпен толтыратын жас таланттар өте көп бізде. Мобильді қосымша шығарып, қызықты ертігілерді қазақшалап жатқан азаматтар бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы